• Қарағанды облысы білім басқармасының «№3 Қазақ-түрік лицей-интернаты» КММ туралы мәлімет

        • Қарағанды облысы білім басқармасының «№3 Қазақ-түрік лицей-интернаты» КММ Жезқазған қаласы әкімдігінің 1993 жылғы 30 маусымдағы №335а/06 шешімі  негізінде ашылған.   
          Лицейдің ресми түрде ашылу салтанаты 1993 жылғы 30 маусымда қала әкімі Ж.И.Ибадилдиннің қатысуымен ашылды.
                   Қарағанды облысы әкімдігінің   24.05.2005ж.  № 10/06 Қаулысы бойынша «Жезқазған қаласы қазақ-түрік лицейі» мемлекеттік мекемесі «Жезқазған қаласы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік ерлер лицей-интернаты» мемлекеттік мекемесі болып аталды.
              Қарағанды облысы әкімдігінің 27.01.2014 жылғы №04/06 қаулысына сәйкес Қарағанды облысы білім басқармасының «№3 Қазақ-түрік лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды. 

              Лицейдің жетістіктері:
              2005 жылы – облыс әкімі К.Е.Мухамеджановтың «Қазақстан Республикасының үздік мектебі – 2005» атты грамотасы;
              2008 жылы – облыс әкімі Н.Нығматулиннің «Ең үздік команда» сертификатымен;
              2009 жылы – ҚР Білім және ғылым министрі Ж.Түймебаевтың «Мектеп бітірушілерінің орташа балы жоғары болған 100 мектеп» қатарына қосылуымен Жезқазған қазақ-түрік лицей-интернатына құттықтау хаты табысталған.
                    
                   Назарбаев Университетінің республика мектептері арасындағы аталған университетке түсу рейтингісінің көрсеткіші бойынша, лицейміз 2010-2011 оқу жылында 12-орында болды.

          1993-2014 жылдардағы білім додаларында алған медальдар саны:
          ОБЛЫСТЫҚ ПӘН ОЛИМПИАДАСЫ: 28 – АЛТЫН; 70 – КҮМІС; ҚОЛА – 108.
          ОБЛЫСТЫҚ ЖОБА ЖАРЫСЫ: 2 – АЛТЫН; 10 – КҮМІС; 29 – ҚОЛА.
          РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘН ОЛИМПИАДАСЫ: 6 – АЛТЫН; 7 – КҮМІС; 14 – ҚОЛА.
          ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ПӘН ОЛИМПИАДАСЫ: 3 – АЛТЫН; 2 – КҮМІС; 2-ҚОЛА.
          ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖОБА ЖАРЫСЫ: 4 – АЛТЫН; 9 – КҮМІС; 14 – ҚОЛА.
          БАРЛЫҒЫ: 308 

          Лицейдің мекен-жайы: 
          100600 Қарағанды облысы
          Жезқазған қаласы, Абай көшесі, 77 үй.
          Қабылдау бөлмесі: 410099.
          Веб-сайт: zhezktl.edupage.org
          e-mail: zhezbil@mail.ru

           

    • Контакты

      • "Ұлытау облысы білім басқармасының №3 "Білім-инновация" лицей-интернаты" КММ
      • 8(7102) 410099
      • Жезказган қ., Абай көшесі, 77 100600 Жезқазған Kazakhstan
      • facebook.com/zhezkazgan.bil
      • instagram.com/bil.zhezkazgan
    • Логин