Логин

Қолданушы аты:
Жасырын сөз:
loading data from server, please wait

Бейсенбі 24/01/2019

Навигация

Қамқоршылық кеңес хаттамалары



Мемлекеттік сатып алулар / Госзакупки

Сайтқа кірген адамдар саны: 340950

Жаңалықтар

  • 15/12/2016

    Міне, көзді ашып жұмғанша, осы жылы қазақ елі Тәуелсіздіктің 25 жылдығын тойлады. Тәуелсіздікке жету – оңай жолмен келген жоқ, ол бәрімізге мәлім. Бұл қазақ халқының ғасырлар бойы көздеген арманы – мұраттарының орындалуы.     

    Тәуелсіз мемлекетке айналу – бізге үлкен серпіліс,күш берді.     

    «Домбыра», «Ән», «Драма» үйірмелерінің қатысушылары патриоттық ән шырқап, домбырамен әсем күй орындап, Тәуелсіздік құрбаны болған Қ.Рысқұлбековтей батыр еріміздің тұлғасын сахнада сомдаса, лицей жас ақындары Тәуелсіздікке арнаған балаң жырларын тарту етті.  Д.К. Баекеновтың ұйымдастыруымен «Еркіндігім – елдігім, Тәуелсіздік – теңдігім» атты әдеби-сазды кеш өтті. Кеш барысында лицейдегі  Осы мереке қарсаңында біздің лицейімізде тарих пәнінің мұғалімі

  • 30/11/2016

    Күллі Қазақ елін бір ту астына біріктіріп, бірліктің туын биікке көтерткен Тұңғыш Президент күні қарсаңында алғаш рет лицейіміздің үздік түлектерімен жүздестіретін «Үздік түлектен ізгі ниет» атты сыр-сұхбат сырласу бағдарламасының тұсауы кесілді. Сырласу кешінің тұңғыш қонағы - 2003 жылы Тайпэйде өткен 34-ші халықаралық физика олимпиадасының алтын жүлдегері, сондай-ақ физика пәнінен өткен халықаралық, дүниежүзілік олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпазы, Жезқазған қазақ-түрік лицейінің 2003 жылғы түлегі, әлемнің ең үздік университеттерінің бірі болып саналатын Калифорния  технологиялық университетін(CalTech) тамамдаған  Рысмағанбетов Ернұр Бүркітбайұлы болды.

  • 17/12/2016

         Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында лицейімізде жоғары деңгейде түрлі қоғамдық іс-шаралар өтті. Соның бірі – салауатты өмір салтын ұстану мақсатында ата-аналар арасында өткізілген шахмат, үстел теннисі, воллейбол жарысы. Аталған спорт түрлеріне ата-аналар өте үлкен қызығушылықпен, аса белсенділікпен қатысты. Жүлдегер ата-аналарды лицей директоры Н.Г.Утебаев мырза арнайы әзірленген дипломдармен, сыйлықтармен марапаттады.

         Лицейішілік воллейбол жарысынан үздік деп танылған ата-аналар командасы 16-17 желтоқсан күндері Астана қаласында өткен республикалық воллейбол турниріне жолдама алып, елордамыздан күміс медальмен оралып, лицей мерейін асқақтатты. 

  • 29/09/2016

         Жыл сайын, қазан айының алғашқы жексенбісінде ұлағатты ұстаздар күні мерекесін атып отеміз. Адам санасын ізгілендіріп, көкейге білім нәрін құятын ұстаздар құрметтің қандайына да лайықты! Ұстаздар мерекесі қарсаңында  лицей өзін-өзі басқару ұйымы мүшелері мен лицей оқушылары ұлағатты ұстаздарына тосын сыйларға толы адемі мерекелік күн сыйлады. Сондай-ақ, мерекелік күн соңында лицей ұстаздарына арналған мерекелік кеш те жоғары деңгейде өтті.

    Мереке аясында елордамыз Астана қаласындағы   «KATEV» Халықаралық қоғамдық қорынан арнайы келген қонақтарымыз да  ұстарзарға ерекше құрмет көрсету, олардың мерейін асқақтату  мақсатында ұйымдастырылған мерекелік сазды  кешіміздің куәсі болып, лицей директоры Утебаев Н.Ғ. мырзамен бірге лицей ұстаздарына  деген өздерінің жүрек жарды тілектерін білдірді.

  • 23/09/2016

    19.09-23.09.2016 ж. тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында   22 - қыркүйек Қазақстан халықтарының Тілдері  күніне орай,  лицейімізде қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдері мұғалімдерінің ұйымдастыруымен Тілдер апталығы аталып өтті. Апталық барысында  7-11 сынып оқушылары тіл пәндері бойынша білім сайыстарына қатысып, шығармашылық жұмыстарына қалам тербеп,  төрт тілде ән шырқады.  

    Сондай-ақ, Тілдер мерекесі қарсаңында қаламызға Ұлытау аймағындағы Алашахан, Жошыхан, Теректі әулие сынды киелі жерлерге саяхат жасау және лицей жетістіктерімен танысу, тәжірибе алмасу мақсатында Қарағанды қаласындағы «Мұрагер» мамандандырылған білім беру мекемесінің басшысы  Маргарита Таукеновна мен бір топ оұушылар ат басын тіреп, зор рухани әсерге бөленіп қайтты

Мемлекеттік қызмет көрсету

Мемлекеттік қызмет алу барысында әкімшілік кедергілер орын алса, атап айтқанда:

  • Стандартпен бекітілген құжаттардан басқа да артық құжаттар талап етілсе;
  • Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің Стандартта бекітілген мерзімі бұзылса;
  • Мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартылса және т.б.

Сіз Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаментіне өз шағымыңызды білдіріп, құқықтарыңызды қорғай аласыз.

Қарағанды қаласы, Бейбітшілік бульвары, 39. Тел.: 8 7212 50 40 66, 8 747 001 35 51, 8 747 001 35 47, 8 747 001 35 48                                                            

В случае возникновения административных барьеров в ходе получения государственных услуг, в том числе:

  • Истребования документов не предусмотренных Стандартом государственной услуги;
  • Нарушения срока оказания государственной услуги, утвержденного Стандартом;
  • Необоснованного отказа в оказании государственной услуги и т.д.

Вы можете обратиться в Департамент Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции
по Карагандинской области.

Город  Караганда, бульвар Мира, 39. Тел.: 8 7212 50 40 66, 8 747 001 35 51, 8 747 001 35 47, 8 747 001 35 48

Жалпы лицейде 70-тен астам адам жұмыс істейді. Лицей қызметкрлерінің толық тізімін көру үшін басыңыз.

Мектеп туралы мәлімет

  • "Қарағанды облысы білім басқармасының №3 "Білім-инновация" лицей-интернаты" КММ
    Жезказган қ., Абай көшесі, 77
  • 8(7102) 76-09-55