• Қабылдау емтиханы байланысты ақпарат

      • Қабылдау емтиханы туралы ақпарат

        «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі білім беру ұйымдарына қабылдау

        ЕРЕЖЕСІ

         

        1. Жалпы ережелер

        1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 26-бабы 2-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрілігінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына сәйкес әзірленген және бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын меншіктік нысаны мен ведомстволық бағыныштылығынан тыс білім беру ұйымдарына қабылдау тәртібін белгілейді.

        2. «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі білім беру ұйымдарына (бұдан әрі- БИЛ) түсуге ниет білдіруші үміткерлер - Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін білім беру ұйымының 6-шы сынып оқушылары (бұдан әрі-Үміткерлер) бола алады.

        2. Қабылдау ерекшелігі

        3. Оқушыларды БИЛ қабылдауды ұйымдастыру және қабылдау емтихандарын өткізу мақсатында Орталық қабылдау комиссиясын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Халықаралық қоры арасындағы «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейлерінің білім беру саласындағы ынтымақтастығы туралы меморандум (01.02.2017ж.) аясында әрекет ететін «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Халықаралық қоғамдық қоры белгілейді.

        3. Құжаттарды қабылдау тәртібі

        4. Үміткерлерден құжаттарды қабылдау процесінде «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Халықаралық қоғамдық қоры (бұдан әрі-Қор) Президентінің бұйрығымен саны - 7 (жеті) адам, Қор басшылығы, әдіскерлер және Қор мамандарынан тұратын Орталық қабылдау комиссиясы құрылады.

        5. БИЛ құжаттарды қабылдау мерзімі мен орнын, сондай-ақ, БИЛ-ге оқуға қабылдаудағы конкурс (бұдан әрі-Конкурс) кезеңдерінің мерзімдерін Орталық қабылдау комиссиясы белгілейді.

        5.1. Облыстарда және Астана, Алматы, Шымкент қалаларында Үміткерлерден құжаттарды қабылдау процесі Қор президентінің бұйрығы шыққан уақыттан бастап БИЛ директоры бұйрығымен саны - 5 адам, лицей педагогтары мен мамандарынан тұратын қабылдау комиссиясы құрылады.

        6. Конкурсқа қатысу үшін төмендегі құжаттар талап етіледі.

        I кезең:

        1) конкурсқа қатысу үшін өтініш;

        2) туу туралы куәлігінің көшірмесі, ЖСН(ИИН);

        3) 3*4 фотосурет (2 дана);

        II кезең:

        1) оқу орнынан анықтама;

         

        4. Конкурсты өткізу тәртібі

         

        7. Конкурсқа қатысу үшін Үміткер құжаттарын Ережеде көрсетілген талаптарға сәйкес тапсыруы қажет.

        Конкурс 2 кезеңнен тұрады:

        8.1. Бірінші кезеңде Үміткер 60 тесттік сұрақтардан тұратын емтихан тапсырады.

        Бірінші кезеңде:

        v Математика және логика сұрақтары– 40 сұрақ,

        v Қазақ тілі – 10 сұрақ,

        v Қазақстан тарихы – 10 сұрақ,

        8.2. Емтихандағы тестілеудің қорытынды нәтижесін есептеуде белгіленген дұрыс жауаптар санының көрсеткіші – «4» (төрт) коэффициентіне көбейтіледі, бір қате жауап «-1» (минус бір) коэффициентіне көбейтіледі. Соңында жалпы қорытынды шығарылады (4*Дұрыс жауап + (-1)*Бұрыс жауап = Жалпы қорытынды ұпай).

        8.3. Тестілеуге – 100 минут беріледі.

        8.4. Тест материалдарын тарату, Жауап парағының қызметтік секторларын толтыру, дәрісханадағы Үміткерге қойылатын тәртіп ережесін түсіндіруге кеткен уақыт тестілеуге берілген жалпы уақытқа кірмейді.

        8.5. Тестілеу кезінде қағаз нұсқалар қолданылады.

        8.6. Үміткерге Сұрақ кітапшасы және Жауап парағы беріледі. Үміткер берілген тапсырмаларды Сұрақ кітапшасында орындайды, ал жауаптарды Жауап парағына белгілейді, есептерді шығару үшін қосымша парақ берілмейді.

        8.7. Конкурстың бірінші кезеңі аяқталған соң жергілікті БИЛ қабылдау комиссиясы Жауап парақтарын Орталық қабылдау комиссиясына жібереді.

        8.8. Конкурстың бірінші кезең емтиханының қорытынды нәтижесін тексеруді Орталық конкурстық комиссия мүшелері жүзеге асырады, бұл ретте нәтижелер үшін тек Жауап парақтарында белгіленген жауаптар есепке алынады, Сұрақ кітапшаларында жазылған ақпарат есепке алынбайды.

        8.9. Конкурстың бірінші кезеңінің нәтижесі – тестілеу аяқталған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні өткен соң қабылдау комиссиясының хабарландыру стендінде жарияланады (кешіктіру орын алса, алдын ала білім беру ұйымының әкімшілігіне хабар беріледі).

        9. Конкурстың екінші кезеңі. Конкурстың екінші кезеңін өткізу мерзімін облыстарда және Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы БИЛ қабылдау комиссиясы Қор президентінің бұйрығын басшылыққа ала отырып белгілейді.

        9.1. Конкурстың екінші кезеңіне конкурстың бірінші кезеңінде қабылдау квотасы бойынша жоғары ұпай жинаған Үміткерлер жіберіледі (рейтингтік жоғары көрсеткіші ғана есепке алынады, яғни оқушының әлеуметтік жағдайы, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар болуы және т.б. жағдайлары қарастырылмайды).

        Екінші кезеңде:

        v Математика және логика сұрақтары– 55 сұрақ,

        v Қазақ тілі – 10 сұрақ,

        v Қазақстан тарихы – 10 сұрақ,

        Екінші кезеңнің емтихан тапсырмалары 75 тесттік сұрақтан тұрады.

        9.2. Емтихандағы тестілеудің қорытынды нәтижесін есептеуде белгіленген дұрыс жауаптар санының көрсеткіші - «4» (төрт) коэффициентіне көбейтіледі, бір қате жауап санының көрсеткіштері «-1» (минус бір) коэффициентіне көбейтіледі. Соңында жалпы қорытынды шығарылады (4*Дұрыс жауап + (-1)*Бұрыс жауап = Жалпы қорытынды ұпай).

        9.3. Екінші кезең тапсырмаларын орындауға берілетін уақыт - 120 минут.

        9.4. Тест материалдарын тарату, Жауап парағының қызметтік секторларын толтыру, аудиториядағы Үміткерге қойылатын тәртіп ережесін түсіндіруге кеткен уақыт тестілеуге берілген жалпы уақытқа кірмейді.

        9.5. Конкурстық қабылдаудың екінші кезеңі аяқталған соң облыстық және Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы БИЛ қабылдау комиссиялары Жауап парақтарын (осы Ережеде көрсетілген ретте) Орталық қабылдау комиссиясына жібереді.

        9.6. Екінші кезең тестілеу нәтижесін тексеруді Орталық конкурстық комиссия мүшелері жүзеге асырады, нәтижелер тек Жауап парақтарынан ғана есептеледі, Сұрақ кітапшаларында жазылған мәліметтер есепке алынбайды.

        9.7. Қабылдау емтиханы, яғни, конкурстың екінші кезеңнің нәтижелері - екінші тестілеу өткізілген соң 15 (он бес) жұмыс күнінен кейін хабарланады.

        9.8. Тестілеуге қатысты апелляция жұмыстары (болған жағдайда) аяқталған соң, екінші кезең тестілеуі бойынша жоғары нәтиже көрсеткен Үміткерлер тізімі жарияланады.

         

         

         

        5. Конкурс нәтижелерін қайта қарау тәртібі

         

        10. Үміткер Апелляциялық комиссия төрағасының атына қабылдау емтиханының нәтижелерi жарияланғаннан кейiнгі келесi күнi сағат 10.00-ден бастап апелляцияға жазбаша өтiнiш береді және Апелляциялық комиссия өтiнiшті берген күннен бастап бiр күн iшiнде сағат 17.00-ге дейiн қарастырады. Облыстардағы және Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы жергілікті БИЛ-ге

        қабылдау комиссиясының шешімі бойынша Апелляция комиссиясының қорытындысы жарияланады.

        11. Қабылдау емтихандары кезінде бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және даулы мәселелерді шешу мақсатында төрағадан және кем дегенде комиссияның екі мүшесінен тұратын Апелляциялық комиссия құрылады.

        12. Аппеляциялық комиссияның құрамы Қор президентінің бұйрығымен бекітіледі, ал облыстардағы және Астана, Алматы,Шымкент қалаларында жергілікті БИЛ директорының бұйрығымен бекітіледі.

        13. Апелляциялық комиссия Үміткердің қабылдау емтиханының нәтижелерімен келіспеуіне байланысты арыздарын жазбаша түрде қабылдайды және қарастыруға жібереді.

        14. Апелляциялық комиссияға төмендегі сұрақтар бойынша шағым қабылданбайды:

        14.1. Тест тапсырмаларының мазмұны мен құрылымы бойынша;

        14.2. Тест тапсырмаларын орындау кезінде Үміткерден талап етілген жалпыға бірдей міндетті тәртіп ережелерін бұзуына байланысты;

        14.3. Тестілеу кезінде Үміткердің Жауап парағының бланкілерін дұрыс толтырмаған жағдайда.

        15. Апелляция барысында конкурстық тесттік тапсырмалардың қорытындысының дұрыс бағалануы тексеріледі. Емтиханды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

        16. Апелляциялық комиссия конкурс нәтижесін өзгерiссiз қалдыру немесе өзгерту туралы шешiм қабылдай алады.

        17. Аппеляциялық комиссия Үміткерге не себепті ұпай қосылғандығы/немесе қосылмағандығы туралы Орталық конкурстық комиссияға ақпарат береді.

        18. Апелляция қорытындысы туралы апелляцияға өтініш берген Үміткерге (немесе үміткердің ата-анасына немесе өкілетті тұлғаға) хабар беріледі.

         

         

         

         

        6. БИЛ-ге оқушы қабылдау тәртібі

         

        19. Қабылдау комиссиясының отырыстары қажеттілік бойынша қабылдау комиссиясы төрағасының шешімімен өткізіледі және хаттамамен рәсімделеді. БИЛ-ге қабылданатын Үміткерлер тізімі Орталық қабылдау комиссияның хаттамасы негізінде облыстардағы және Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы жергілікті БИЛ-ге қабылдау комиссиясына жолданады, Үміткерлер тізімі облыстардағы және Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы жергілікті БИЛ директорының бұйрығымен бекітіледі.

        20. Конкурстың екінші кезеңінің нәтижесі бойынша БИЛ-ге қабылданатын Үміткер оқудан бас тарқан жағдайда орнына қабылдау емтиханы нәтижесі бойынша келесі тұрған Үміткер шақырылады.

        21. Конкурстық қорытынды іріктеуді өткізу уақытында екі Үміткердің ұпай сандары бірдей болған жағдайда төмендегі критерийлер бойынша мынадай санаттағы Үміткерлерге басымдылық беріледі:

        1) Республикалық және Халықаралық пәндік олимпиадалар, спорттық жарыстар мен шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары;

        2) Конкурстың екі кезеңнің қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай жинаған оқушы;

        3) Ауылдық (аудандық) елді мекен білім беру ұйымының оқушысы.

         

        8. Қорытынды ереже

         

        22. Осы Ережеде ескерілмеген, қарастырылмаған мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық құжаттары, ішкі құқықтық актілері мен жергілікті БИЛ-дің Жарғысында қарастырылған ретте шешіледі.

    • Контакты

      • "Ұлытау облысы білім басқармасының №3 "Білім-инновация" лицей-интернаты" КММ
      • 8(7102) 410099
      • Жезказган қ., Абай көшесі, 77 100600 Жезқазған Kazakhstan
      • facebook.com/zhezkazgan.bil
      • instagram.com/bil.zhezkazgan
    • Логин