Навигация

Өзіміз жайлы

Қарағанды облысы білім басқармасының «№3 Қазақ-түрік лицей-интернаты» КММ туралы мәлімет

Қарағанды облысы білім басқармасының «№3 Қазақ-түрік лицей-интернаты» КММ Жезқазған қаласы әкімдігінің 1993 жылғы 30 маусымдағы №335а/06 шешімі  негізінде ашылған.   
Лицейдің ресми түрде ашылу салтанаты 1993 жылғы 30 маусымда қала әкімі Ж.И.Ибадилдиннің қатысуымен ашылды.
         Қарағанды облысы әкімдігінің   24.05.2005ж.  № 10/06 Қаулысы бойынша «Жезқазған қаласы қазақ-түрік лицейі» мемлекеттік мекемесі «Жезқазған қаласы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік ерлер лицей-интернаты» мемлекеттік мекемесі болып аталды.
    Қарағанды облысы әкімдігінің 27.01.2014 жылғы №04/06 қаулысына сәйкес Қарағанды облысы білім басқармасының «№3 Қазақ-түрік лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды. 

    Лицейдің жетістіктері:
    2005 жылы – облыс әкімі К.Е.Мухамеджановтың «Қазақстан Республикасының үздік мектебі – 2005» атты грамотасы;
    2008 жылы – облыс әкімі Н.Нығматулиннің «Ең үздік команда» сертификатымен;
    2009 жылы – ҚР Білім және ғылым министрі Ж.Түймебаевтың «Мектеп бітірушілерінің орташа балы жоғары болған 100 мектеп» қатарына қосылуымен Жезқазған қазақ-түрік лицей-интернатына құттықтау хаты табысталған.
          
         Назарбаев Университетінің республика мектептері арасындағы аталған университетке түсу рейтингісінің көрсеткіші бойынша, лицейміз 2010-2011 оқу жылында 12-орында болды.

1993-2014 жылдардағы білім додаларында алған медальдар саны:
ОБЛЫСТЫҚ ПӘН ОЛИМПИАДАСЫ: 28 – АЛТЫН; 70 – КҮМІС; ҚОЛА – 108.
ОБЛЫСТЫҚ ЖОБА ЖАРЫСЫ: 2 – АЛТЫН; 10 – КҮМІС; 29 – ҚОЛА.
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘН ОЛИМПИАДАСЫ: 6 – АЛТЫН; 7 – КҮМІС; 14 – ҚОЛА.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ПӘН ОЛИМПИАДАСЫ: 3 – АЛТЫН; 2 – КҮМІС; 2-ҚОЛА.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖОБА ЖАРЫСЫ: 4 – АЛТЫН; 9 – КҮМІС; 14 – ҚОЛА.
БАРЛЫҒЫ: 308 

Лицейдің мекен-жайы: 
100600 Қарағанды облысы
Жезқазған қаласы, Абай көшесі, 77 үй.
Тел./факс: 8 (7102) 76-47-97,
Қабылдау бөлмесі: 76-09-55.
Веб-сайт: zhezktl.edupage.org
e-mail: zhezkazganktl@mail.ru

 

Мектеп туралы мәлімет

  • "Қарағанды облысы білім басқармасының №3 "Білім-инновация" лицей-интернаты" КММ
    Жезказган қ., Абай көшесі, 77
  • 8(7102) 410099