• Қарағанды облысы білім басқармасының «№3 "Білім-инновация" лицей-интернаты» КММ туралы мәлімет

      • Қарағанды облысы білім басқармасының «№3 "Білім-инновация" лицей-интернаты» КММ Жезқазған қаласы әкімдігінің 1993 жылғы 30 маусымдағы №335а/06 шешімі  негізінде ашылған.   
        Лицейдің ресми түрде ашылу салтанаты 1993 жылғы 30 маусымда қала әкімі Ж.И.Ибадилдиннің қатысуымен ашылды.
                 Қарағанды облысы әкімдігінің   24.05.2005ж.  № 10/06 Қаулысы бойынша «Жезқазған қаласы қазақ-түрік лицейі» мемлекеттік мекемесі «Жезқазған қаласы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік ерлер лицей-интернаты» мемлекеттік мекемесі болып аталды.
            Қарағанды облысы әкімдігінің 27.01.2014 жылғы №04/06 қаулысына сәйкес Қарағанды облысы білім басқармасының «№3 Қазақ-түрік лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды. 

            Лицейдің жетістіктері:
            2005 жылы – облыс әкімі К.Е.Мухамеджановтың «Қазақстан Республикасының үздік мектебі – 2005» атты грамотасы;
            2008 жылы – облыс әкімі Н.Нығматулиннің «Ең үздік команда» сертификатымен;
            2009 жылы – ҚР Білім және ғылым министрі Ж.Түймебаевтың «Мектеп бітірушілерінің орташа балы жоғары болған 100 мектеп» қатарына қосылуымен Жезқазған қазақ-түрік лицей-интернатына құттықтау хаты табысталған.
                  
                 Назарбаев Университетінің республика мектептері арасындағы аталған университетке түсу рейтингісінің көрсеткіші бойынша, лицейміз 2010-2011 оқу жылында 12-орында болды.

        1993-2014 жылдардағы білім додаларында алған медальдар саны:
        ОБЛЫСТЫҚ ПӘН ОЛИМПИАДАСЫ: 28 – АЛТЫН; 70 – КҮМІС; ҚОЛА – 108.
        ОБЛЫСТЫҚ ЖОБА ЖАРЫСЫ: 2 – АЛТЫН; 10 – КҮМІС; 29 – ҚОЛА.
        РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘН ОЛИМПИАДАСЫ: 6 – АЛТЫН; 7 – КҮМІС; 14 – ҚОЛА.
        ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ПӘН ОЛИМПИАДАСЫ: 3 – АЛТЫН; 2 – КҮМІС; 2-ҚОЛА.
        ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖОБА ЖАРЫСЫ: 4 – АЛТЫН; 9 – КҮМІС; 14 – ҚОЛА.
        БАРЛЫҒЫ: 308 

        Лицейдің мекен-жайы: 
        100600 Қарағанды облысы
        Жезқазған қаласы, Абай көшесі, 77 үй.
        Қабылдау бөлмесі: 410099.
        Веб-сайт: zhezktl.edupage.org
        e-mail: zhezbil@mail.ru

    • Контакты

      • "Ұлытау облысы білім басқармасының №3 "Білім-инновация" лицей-интернаты" КММ
      • 8(7102) 410099
      • Жезказган қ., Абай көшесі, 77 100600 Жезқазған Kazakhstan
      • facebook.com/zhezkazgan.bil
      • instagram.com/bil.zhezkazgan
    • Логин