28 қазан күні Жезқазған қазақ-түрік лицейінің "президенті" және "үкіметі" (өзін-өзі басқару ұйымы) құрылды және инаугурациялық рәсім өтті. Аталмыш рәсімге лицейіміздің барлық ұстаздары және оқушылары қатысты.
23 қазан күні өткен сайлау нәтижесінде 11"Б" сынып оқушысы Айтжан Сұлтан 40% пайызбен қарсыластарын озды. Осы сайлау нәтижесімен "лицей президенті" аталды. Сайлауға қатысқан басқа оқушылар "лицей үкіметінің" мүшелері болды, атап айтсақ: вице-президент-Мұрат Айдар, білім министрі-Досайбек Олжас, Тазалық министрі-Жарылқасын Бейбіт, Мәдениет министрі-Қуат Бапанов, спорт министрі-Қоңыров Мағжан.
Инаугурациялық рәсімде лицей директоры Утебаев Нұрғазы жаңа "лицей үкіметін" құттықтап, оларға үлкен үміт артатынын сөзбен жеткізді. Содан соң, жаңа "лицей президенті" Айтжан Сұлтан лицей алдында ант берді. Және артынан лицейіміздің атынан "лицей үкіметіне" сыйлыққа галстуктер табысталды.