Жыл сайын, қазан айының алғашқы жексенбісінде ұлағатты ұстаздар күні мерекесін атып отеміз. Адам санасын ізгілендіріп, көкейге білім нәрін құятын ұстаздар құрметтің қандайына да лайықты! Ұстаздар мерекесі қарсаңында лицей өзін-өзі басқару ұйымы мүшелері мен лицей оқушылары ұлағатты ұстаздарына тосын сыйларға толы адемі мерекелік күн сыйлады. Сондай-ақ, мерекелік күн соңында лицей ұстаздарына арналған мерекелік кеш те жоғары деңгейде өтті.
Мереке аясында елордамыз Астана қаласындағы «KATEV» Халықаралық қоғамдық қорынан арнайы келген қонақтарымыз да ұстарзарға ерекше құрмет көрсету, олардың мерейін асқақтату мақсатында ұйымдастырылған мерекелік сазды кешіміздің куәсі болып, лицей директоры Утебаев Н.Ғ. мырзамен бірге лицей ұстаздарына деген өздерінің жүрек жарды тілектерін білдірді.
Мерекелік кеш барысында лицей ата-аналары да аяулы ұстаздарға арнап әзірлеген музыкалық композициясын тарту етті.
Аяулы ұстаздар, тәлім мен тәрбиені шәкірт бойына ұялатып, Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақты тәрбиелеудегі игі істеріңізге шығармашылық табыс тілейміз!