Республикалық олимпиада да соңына жетті. Жезқазған қазақ-түрік лицей-интернатының намысын қорғауға Көкшетау және Петропавл қалаларына 6 оқушымыз аттанған еді. Міне, сол 6 оқушымыздың 3-і топ жарып, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда, Романов Денис - қазақ тілі пәнінен 2 орын, Құсайынбеков Мұхтар - химия пәнінен 2 орын, Айтжан Сұлтан - ағылшын тілінен 1 орын. Сонымен қатар, Романов Денис олимпиаданың ең үздңк жас қатысушысы ретінде ноутбук иегерін сыйға алды. Жеңістерің құтты болсын! Жарайсыңдар!