• Жезқазған ҚТЛ оқушысы жүлдегер
          • Жезқазған ҚТЛ оқушысы жүлдегер

          • «Өзін-өзі тану» пәні бойынша Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысқан Жезқазған қалалық қазақ-түрік лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Нәсіпбек Қайрулла ІІІ орынға ие болды.

            Үстіміздегі жылдың 9 қазан күні  Қарағанды облысының білім басқармасына қарасты «Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы «Өзін-өзі тану» пәні бойынша Республикалық олимпиадаға қатысып, облыс намысын қорғайтын оқушыны анықтау мақсатында іріктеу жасады.

            Республикалық олимпиаданың іріктеу кезеңінде қатысқан 200-ден астам оқушы шығарма жазған. Оларға ұйымдастырушылар тарапынан «Сүйіспеншілік», «Ар-ұждан», «Бақытты отбасы», «Мен өмір сүріп жатқан әлем» атты тақырыптар ұсынылған.

            Біз Нәсіпбектен қайсы тақырыпты таңдағанын және ол шығарманы қалай жазғанын сұраған болатынбыз.

            Нәсіпбек Қайрулла:

            - Мен – Қазақстанның патриот азаматымын. Сондықтан болар, «Бақытты отбасы» деген тақырыпқа бірден көзім түсті. «Отан – отбасынан басталады» деген сөз бар ғой, ендеше Отанымыз гүлденуі үшін еліміздегі әрбір отбасы бақытты болуы тиіс, меніңше! Қазіргі кезде, өкінішке орай,  жаңадан құрылған көптеген отбасылар қайта айырылысып кетіп жатыр. Шығармамда осы мәселенің ел болашағы үшін аса қауіпті екенін айтып, оның алдын алу шараларын өзімше көрсетіп шықтым. Қаламыздың өмір сүру жағдайларын да бір шолып,  өз отбасыма тоқталдым. Осылайша, ішімдегіні жазып болғаннан кейін қарасам, 6 парақты толтырып тастаппын. Нәтижесінде, менің шығармам ІІІ орынға лайық деп танылыпты. Қазылар алқасы марапаттау кезеңінде жылы сөздерін айтып, мені ерекше құттықтады.

        • Жезқазған ҚТЛ өз зейнеткерлерімен кездесті
          • Жезқазған ҚТЛ өз зейнеткерлерімен кездесті

          • 2014 жылғы 23 қазанда Жезқазған қазақ-түрік лицей-интернатының әкімшілік құрамы бұрынғы әріптестері, қазіргі таңда көпжылдық еңбектерінің зейнетін көріп жүрген қазыналы-қарттарын лицейге шақырып, құрмет көрсетті.     

            Бейресми жиын қонақтарына ақ ниетпен дастархан жайылды. Кездесу барысында домбырамен ән айтылып, күй де шертілді. Зейнеткерлер ұжым арасында орын алған қызықты сәттерін еске алып, мәз-мейрам болысты. «Қазірге дейін көпшілік арасында әңгіме бола қалса, «Біздің лицей...» деп қызғыштай қорып немесе мақтанып жүреміз» деп, ақтарылды қонақтар. Ізінен еріп келе жатқан іні буынға өмірлік сабақ болар ақылдарын айтып, тәрбиелі әрі білімді оқушыларының көп болуына тілектес-ниеттес екендігін жеткізді.

            Жиында меймандарға Қарағанды облысы білім басқармасының «№3 қазақ-түрік лицей-интернаты» білім саласындағы қажырлы еңбегі үшін Алғыс хаттар табыстады. Сонымен қатар, зейнеткер-мамандарға ұзақ өмір, шалқар шабыт, отбасына амандық, мықты денсаулық тіледі. Қонақтар арасында бұрынғы қызметкерлермен қатар, аталмыш білім ұясында қазіргі кезде де еңбек етіп жүрген Түсіп Аяпбергенов жәнеКүнтай Искакова да бар.

            Жиында сөз етілген ағай-апайлардың әңгімелерінен алынған үзіндіні лицей тарихы үшін, оқырмандар үшін жариялауды жөн көрдік.

             

            Баймұхамбетова Зейнекеш, экс-бас есепші:

            - 12 жыл бойы осы Жезқазған қазақ-түрік лицейінде бас бухгалтер болып қызмет еттім. Алғашқы жылдары лицейде оқушыларға қазіргідей 3-4 мезгіл тамақ беру жағынан қиындықтар болды. Соның өзінде балалар мұқалмай, білім-ғылымға құштар еді. Кейіннен мемлекет тарапынан қаржы бөлінетін жүйе орнатылды ғой. Қазір сол кездердегідей қиындықтар жоқ, барлық жағдай жасалған. Оқушыларға тек оқып, оны зейінге тоқуы ғана керек.

            Аяпбергенов Түсіп, экс-дене шынықтыру пәні мұғалімі:

            - Лицей құрылған жылдан бастап дене шынықтыру пәні мұғалімі болдым. Алғашында 5 жыл бойы Орхан мырза директор болды. Ол кісі бұрынғы мектеп-интернаттың ғимаратын жаңартып, қайта өңдетті. Сол уақытта 3-ақ қазақ мұғалімі болдық. Қалғанының бәрі де түрік ұлтының өкілдері. Бауырлас ел өкілдері Қазақстанның білім беру саласын кәдімгідей көтерді деп ойлаймын. Ұжым арасында ауызбіршлік, сыйласытық, тәртіп өте жақсы болған. Ұстаздар оқушылар үшін қашанда үлгі болуы тиіс қой. Зейнеткерлік жасқа толғаннан бері осы мекемеде күзетші болып келемін. Кезінде өзім оқытқан оқушылар келіп, қал-жағдайымды сұрап, өз жетістіктерін айтып қуантып тұрады.

            Күнтай Искакова, кітапханашы:

            - 1994 жылдан бері кітапханашы маман болып қызмет етіп келемін. Алғашқы жылдары кітап қоры аз болды, оқушыларға арнап кітаптарды сатып алып жүрдік. Кейбір оқушылар өз кітаптарын әкеліп, кітапхана қорын толтыруға атсалысты. Еліміздің баспаларынан жарық көрген оқулықтардан бөлек, Түркияның «Забак» баспасының кітаптары көп бізде. 2009 жылдан облыстық департаменттің басшылығымен кітаптар бөлініп келеді. Қазіргі кезде 4 тілде – қазақша, түрікше, орысша, ағылшынша кітаптар жетерлік қорымызда. Оқушылар кез-келген уақытта кітапханаға келіп, қалаған кітабын алып оқи алады.  

            Бақытжан Идрисова, экс-диетолог маман:

            - Балалар және мұғалімдер асханасының ас мәзіріндегі тағамдар құрамын зерттеп, оның нормаға сай келуін қадағалап отыратын диетолог маман болып қызмет еттім. Алматадан жоғары санатты маман ретінде бірнеше жылдық еңбек өтіліммен келіп, осы лицейге орналастым. Содан зейнеткерлік жасқа толғаннан кейін де 2 жыл қызмет етіп, жастарға орын берейін деген ниетпен жұмыс орнын босаттым. Қазір мұнда айтарлықтай өзгерістер бар. Әрине, жақсы жағына қарай. Бұл ұжымда атқарылған әрбір істі теледидардан немесе баспасөз беттерінен көріп, марқайып қаламын. Бүгін біздердің басымызды қосып, көпжылдық еңбегімізді елеп-ескеріп жат

            қандары үшін өте қуаныштымын.

    • Contacts

      • "Ұлытау облысы білім басқармасының №3 "Білім-инновация" лицей-интернаты" КММ
      • +7(706)6371924
      • 8(7102) 410099
      • Жезказган қ., Абай көшесі, 77
        100600 Жезқазған
        Kazakhstan
      • facebook.com/zhezkazgan.bil
      • instagram.com/bil.zhezkazgan
    • Login