• «Еркіндігім – елдігім, Тәуелсіздік – теңдігім»

          • Міне, көзді ашып жұмғанша, осы жылы қазақ елі Тәуелсіздіктің 25 жылдығын тойлады. Тәуелсіздікке жету – оңай жолмен келген жоқ, ол бәрімізге мәлім. Бұл қазақ халқының ғасырлар бойы көздеген арманы – мұраттарының орындалуы.     

            Тәуелсіз мемлекетке айналу – бізге үлкен серпіліс,күш берді.     

            «Домбыра», «Ән», «Драма» үйірмелерінің қатысушылары патриоттық ән шырқап, домбырамен әсем күй орындап, Тәуелсіздік құрбаны болған Қ.Рысқұлбековтей батыр еріміздің тұлғасын сахнада сомдаса, лицей жас ақындары Тәуелсіздікке арнаған балаң жырларын тарту етті.  Д.К. Баекеновтың ұйымдастыруымен «Еркіндігім – елдігім, Тәуелсіздік – теңдігім» атты әдеби-сазды кеш өтті. Кеш барысында лицейдегі  Осы мереке қарсаңында біздің лицейімізде тарих пәнінің мұғалімі

            Сондай-ақ, әдеби-сазды кеште Республикалық «Жас ұлан» оқушылары мен жасөспірімдер ұйымына 10 оқушы қабылданды.    

          • Үздік түлектен ізгі ниет

          • Күллі Қазақ елін бір ту астына біріктіріп, бірліктің туын биікке көтерткен Тұңғыш Президент күні қарсаңында алғаш рет лицейіміздің үздік түлектерімен жүздестіретін «Үздік түлектен ізгі ниет» атты сыр-сұхбат сырласу бағдарламасының тұсауы кесілді. Сырласу кешінің тұңғыш қонағы - 2003 жылы Тайпэйде өткен 34-ші халықаралық физика олимпиадасының алтын жүлдегері, сондай-ақ физика пәнінен өткен халықаралық, дүниежүзілік олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпазы, Жезқазған қазақ-түрік лицейінің 2003 жылғы түлегі, әлемнің ең үздік университеттерінің бірі болып саналатын Калифорния  технологиялық университетін(CalTech) тамамдаған  Рысмағанбетов Ернұр Бүркітбайұлы болды.

            Президент жарлығымен құрылған «Астана» халықаралық қаржы академиясының басшысы, Жәутіков атындағы Республикалық физика-математика мектебінің директорлар кеңесінің мүшесі, тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың арнайы Алғыс хатымен марапатталған физика пәнінен Халықаралық олимпиадаларға жеңімпаз оқушыларды даярлаушы ұстаз-маман. Бүгін де Ернұр Бүркітбайұлы     

            Сыр-сұхбат аясында лицей оқушылары Ернұр Бүркітбайұлына осындай білім саласындағы үлкен жетістіктерге қалай жеткені туралы, республикалық, халықаралық, дүниежүзілік олимпиадалардан жақсы нәтиже көрсету үшін қаншалықты деңгейде дайындалу керектігі жөнінде секілді көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, мардымды жауап ала алды. Кездесу барысында лицей оқушылары арнайы қонағымызға әзірлеген әдеби-сазды бағдарламасын ұсынды.    

            Сыр-сұхбат өте жоғары деңгейде өтті, кездесу соңында лицей директоры Н.Г.Утебаев мырза бағдарламамыздың құрметті қонағы Ернұр Бүркітбайұлын арнайы әзірлеген Алғыс хатпен марпаттады.    

             

          • Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған ата-аналар арасындағы достық турнирі

          •      Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында лицейімізде жоғары деңгейде түрлі қоғамдық іс-шаралар өтті. Соның бірі – салауатты өмір салтын ұстану мақсатында ата-аналар арасында өткізілген шахмат, үстел теннисі, воллейбол жарысы. Аталған спорт түрлеріне ата-аналар өте үлкен қызығушылықпен, аса белсенділікпен қатысты. Жүлдегер ата-аналарды лицей директоры Н.Г.Утебаев мырза арнайы әзірленген дипломдармен, сыйлықтармен марапаттады.

                 Лицейішілік воллейбол жарысынан үздік деп танылған ата-аналар командасы 16-17 желтоқсан күндері Астана қаласында өткен республикалық воллейбол турниріне жолдама алып, елордамыздан күміс медальмен оралып, лицей мерейін асқақтатты. 

          • «Ұстаз – ұлы тұлға...» тақырыбында Ұстаздар күні мерекесі аталып өтті.

          •      Жыл сайын, қазан айының алғашқы жексенбісінде ұлағатты ұстаздар күні мерекесін атып отеміз. Адам санасын ізгілендіріп, көкейге білім нәрін құятын ұстаздар құрметтің қандайына да лайықты! Ұстаздар мерекесі қарсаңында  лицей өзін-өзі басқару ұйымы мүшелері мен лицей оқушылары ұлағатты ұстаздарына тосын сыйларға толы адемі мерекелік күн сыйлады. Сондай-ақ, мерекелік күн соңында лицей ұстаздарына арналған мерекелік кеш те жоғары деңгейде өтті.

            Мереке аясында елордамыз Астана қаласындағы   «KATEV» Халықаралық қоғамдық қорынан арнайы келген қонақтарымыз да  ұстарзарға ерекше құрмет көрсету, олардың мерейін асқақтату  мақсатында ұйымдастырылған мерекелік сазды  кешіміздің куәсі болып, лицей директоры Утебаев Н.Ғ. мырзамен бірге лицей ұстаздарына  деген өздерінің жүрек жарды тілектерін білдірді.

                 Мерекелік кеш барысында лицей ата-аналары да аяулы ұстаздарға арнап әзірлеген музыкалық композициясын тарту етті.

                 Аяулы ұстаздар, тәлім мен тәрбиені  шәкірт бойына ұялатып, Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақты тәрбиелеудегі игі істеріңізге шығармашылық табыс тілейміз!

          • «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» тақырыбында Тілдер мерекесінің қорытынды кеші өтті

          • 19.09-23.09.2016 ж. тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында   22 - қыркүйек Қазақстан халықтарының Тілдері  күніне орай,  лицейімізде қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдері мұғалімдерінің ұйымдастыруымен Тілдер апталығы аталып өтті. Апталық барысында  7-11 сынып оқушылары тіл пәндері бойынша білім сайыстарына қатысып, шығармашылық жұмыстарына қалам тербеп,  төрт тілде ән шырқады.  

            Сондай-ақ, Тілдер мерекесі қарсаңында қаламызға Ұлытау аймағындағы Алашахан, Жошыхан, Теректі әулие сынды киелі жерлерге саяхат жасау және лицей жетістіктерімен танысу, тәжірибе алмасу мақсатында Қарағанды қаласындағы «Мұрагер» мамандандырылған білім беру мекемесінің басшысы  Маргарита Таукеновна мен бір топ оұушылар ат басын тіреп, зор рухани әсерге бөленіп қайтты

        • «Спорттық отбасы – әкем,анам және мен» спорттық эстафета
          • «Спорттық отбасы – әкем,анам және мен» спорттық эстафета

          • 17.09.2016 жылы салауатты өмір салтын насихаттау,  спорттық шеберлікті жетілдіру мақсатында,   Жезқазған қаласындағы «Металлург» стадионында лицей әкімшілігінің  ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған «25 жылдыққа 25 игі іс» аясында лицей оқушылары мен ата –аналары арасында «Спорттық отбасы – әкем,анам және мен» атты спорттық эстафетасы  өтті.

            Эсафеталық сайыстық ашылу салтанатында еліміздің әнұраны шырқалып,  лицей директоры Утебаев Н.Ғ., сондай-ақ, қалалық әкімшіліктен арнайы шақыртылған қонақтар  қатысушы ата-аналар мен оқушыларға жылы лебіздерін білдіріп,  сәттілік тіледі.

            Спорттық эстафета  жарыстың көңілді эстафета, марафон, арқан тартыс, зілтемір көтеру, қол күрес, асық ату, секіру , дартс ату  түрлерін құрады.  Сайыс барысында қатысушылар жаттығу жұмыстары мен  флешмоб  орындау арқылы сергіп алды.  Сайыс қорытындысы бойынша,  жеңімпаздарға  арнайы Дипломдар мен сыйлықтар табысталды.

        • «Үлгілі отбасы»  сайысы
          • «Үлгілі отбасы» сайысы

          • 8.09.2016 ж. Отбасы-Отанның бір бөлшегі екенін ұғындыру,  ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында  8-қыркүйек Халықаралық Отбасы күніне орай,  лицейімізде 7-сынып оқушылары мен ата-аналарының қатысуымен дәстүрге айналған отбасы сайысы аталып өтті. Сайысқа 7 «А» сыныбынан Батырбек пен  Ермахановтар отбасы, 7 «Б» сыныбынан Өскенбай отбасы мүшелері қатысып, өз өнерлерін ортаға салып, отбасыларының сүйікті  тағамдарымен таныстырып және  5 бағыт бойынша жүктелген тапсырмалардан сүрінбей өтті.  Сондай-ақ, отбасы мәселесіне байланысты, оның ішінде, ата-ана мен бала арасындағы  жиі ұшырасатын  жағдаяттарды шешу жолдарында да өздерінің құнды пікірлерін, ұшқйр ойларын, сыни көзқарастарын танытуда, мәселені шешудің  оңтайлы жолдарын көрсетуде асқан белсенділік танытты.

            Сайыс қорытындысы бойынша, әділқазы алқасының шешімімен Батырбек отбасы І орынға, Өскембай отбасы ІІ орынға, Ермахан отбасы ІІІ орынға лайық деп танылды. Жеңімпаздар арнайы Дипломдармен марапатталып,  сыйлыққа ие болды.

        • Йель университетінің грантын жеңіп алды
          • Йель университетінің грантын жеңіп алды

          • Лицейіміздің 11 сынып оқушысы Айтжан Сұлтан АҚШ-тың атақты Йель университетінің грантын жеңіп алды.

            Сұлтан биыл Петропавл қаласында өткен жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиадада өзінің терең білімінің арқасында ағылшын тілінен I орынды жеңіп алып, алтын медальді қанжығасына байлады.

            Оқушы сондай-ақ әлемдегі ең үздік 15 жоғарғы оқу орындарының қатарына енетін Сингапур Ұлттық университетімен АҚШ-тың Yale университеті бірігіп ашқан жаңа YaleNUS College оқу орны ұйымдастырған ағылшын тілі сынағынан жоғарғы көрсеткішке қол жеткізіп, аталмыш оқу орнына тегін оқуға қабылданды.

            Ол АҚШ мектеп бітірушілерінің білім деңгейі мен сыни тұрғыдан ойлау қабілетін анықтау мақсатында өткізілетін 2400 балдық жүйені құрайтын SAT емтиханына қатысып, 2150 балға ие болса, IELTS емтиханында ең жоғарғы тоғыз ұпайдан сегіз ұпайға қол жеткізді.

            Сұлтан - «Алтын белгі» төс белгісіне үміткер. Осы уақытта "Алтын белгіні" ақтап шығу үшін дайындалып жатыр.

        • Республикалық олимпиада-2016
          • Республикалық олимпиада-2016

          • Республикалық олимпиада да соңына жетті. Жезқазған қазақ-түрік лицей-интернатының намысын қорғауға Көкшетау және Петропавл қалаларына 6 оқушымыз аттанған еді. Міне, сол 6 оқушымыздың 3-і топ жарып, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда, Романов Денис - қазақ тілі пәнінен 2 орын, Құсайынбеков Мұхтар - химия пәнінен 2 орын, Айтжан Сұлтан - ағылшын тілінен 1 орын. Сонымен қатар, Романов Денис олимпиаданың ең үздңк жас қатысушысы ретінде ноутбук иегерін сыйға алды. Жеңістерің құтты болсын! Жарайсыңдар!

        • Тұңғыш президент күніне орай өткізілген жоба жарысы
          • Тұңғыш президент күніне орай өткізілген жоба жарысы

          • Биылғы жылдың 26 қарашасында Теміртау қаласында Тұңғыш президент күніне орай өткізілген "Елбасымыздың тарихи бастамалары" атты облыстық ғылыми жобалар жарысы өтті. Лицейіміздің атынан 10"Б" сынып оқушылары Бапанов Қуат пен Серікпай Аллиат қатысты. Аталмыш жоба жарысына 70-тен астам жоба қатысты. Осы 70 жоба арасынан суырылып шығып, үздіктердің арасына қосылған "Көптілділік идеясы" атты жобаны біздің оқушыларымыз қорғады. Жоба 3 орынға ие болды, ал оқушыларымыз грамота және ұялы телефонға ие болды. Құттықтаймыз!

        • TEDx конференциясы ЖезҚТЛ-де өтеді
          • TEDx конференциясы ЖезҚТЛ-де өтеді

          • 2015 жылдың 19 желтоқсанында лицейімізде TEDxZhezKTL конференциясы өтеді. TEDx әлемге танымал TED конференциясының жергілікті нұсқасы. Конференцияны ұйымдастырушысы Жезқазған қазақ-түрік лицей-интернаты.

            TEDx конференциясына лицейіміздің барлық оқушыларымыз қатысушы бола алады. Конференция тақырыбы: "How one generation shows, next learns". Баяндамаларды осы электронды поштаға жібере аласыздар: tedxzhezktl@yahoo.com.

        • Лицейдің президенті сайланды
          • Лицейдің президенті сайланды

          • 28 қазан күні Жезқазған қазақ-түрік лицейінің "президенті" және "үкіметі" (өзін-өзі басқару ұйымы) құрылды және инаугурациялық рәсім өтті. Аталмыш рәсімге лицейіміздің барлық ұстаздары және оқушылары қатысты.

            23 қазан күні өткен сайлау нәтижесінде 11"Б" сынып оқушысы Айтжан Сұлтан 40% пайызбен қарсыластарын озды. Осы сайлау нәтижесімен "лицей президенті" аталды. Сайлауға қатысқан басқа оқушылар "лицей үкіметінің" мүшелері болды, атап айтсақ: вице-президент-Мұрат Айдар, білім министрі-Досайбек Олжас, Тазалық министрі-Жарылқасын Бейбіт, Мәдениет министрі-Қуат Бапанов, спорт министрі-Қоңыров Мағжан. 

            Инаугурациялық рәсімде лицей директоры Утебаев Нұрғазы жаңа "лицей үкіметін" құттықтап, оларға үлкен үміт артатынын сөзбен жеткізді. Содан соң, жаңа "лицей президенті" Айтжан Сұлтан лицей алдында ант берді. Және артынан лицейіміздің атынан "лицей үкіметіне" сыйлыққа галстуктер табысталды. 

        • «ҰСТАЗ–ҰЛЫ ЕСІМ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КЕШ
          • «ҰСТАЗ–ҰЛЫ ЕСІМ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КЕШ

          • 2015 жылғы қазан  айында  Жезқазған қазақ-түрік лицей-интернатында «Ұстаз–ұлы есім» атты мерекелік кеш өтті.

            Қазан айының басында лицейімізде ұстаздар мерекесіне арналған мұғалім мен оқушы арасындағы байланысты нығайту, айналасына тәрбие, білім шуағын  шашып, ізгілік пен адамгершілік қасиеттерімен сусындататын ұстаздарға құрмет білдіру мақсатында «Ұстаз –ұлы есім» атты мерекелік кеш өтті. Кешке «KATEV»  ХҚҚ-ның әдіскерлері Р.Сихимбеков, А.Түсіпжанов, Е.Муса, Ш.Фатих және лицей ұстаздары, ата-аналары қатысты.

            Әдеби-сазды бағдарлама 10-11 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен жүргізілді. Кеш  қонақтары  «KATEV»  ХҚҚ-ның математика пәнінің әдіскері Фатих Шахин  мен лицей ата-аналары комитетінің төрағасы М.Шахмұратов ұстаздарға арнап алғашқы құттықтау сөзді айтты.

            Лицейіміздің  жас шәкірттері әдеби-сазды бағдарламаны  ұстаздарға арнаған өлеңдері, ән-шашуларымен бастады. «Сахна шебері» үйірмесінің оқушылары «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» атты сахналық қойылым көрсетті.  Кеште ұстаздар мен қонақтар оқушылардың ән мен билерін тамашалап, өнерлеріне риза болды.

        • Жеңіспен оралды
          • Жеңіспен оралды

          • 10-11 қазан арасы Қарағанды қаласында облыстық дарынды мектептер арасында футбол жарысы өтті. Осы жарыстың нәтижесінде Жезқазған қазақ-түрік лицейінің оқушылары 1 орынға ие болды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!

        • КБО олимпиадасы
          • КБО олимпиадасы

          • 10-11 мамыр арасы КБО КАТЕВ Білім Олимпиадасы Алматы және Тараз қалаларында өтті. Жезқазған қазақ-түрік лицей-интернатының 17 оқушысы қатысып, 16 жүлделі орынға ие болды.

        • VII республикалық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасы
          • VII республикалық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасы

          • Үстіміздегі жылдың 14 наурызында Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданы мектеп оқушылары арасында бәсекеге қабілетті жас ұрпақты тәрбиелеу, оқушылардың мемлекеттік тілге, қазақ халқының әдебиетіне, мәдениетіне, өнеріне, ұлттық құндылықтарына деген сүйіспеншілігін арттыру, оны қастерлеуге баулу, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан   Республикасындағы  тіл туралы» Заңдарын жүзеге асыру мақсатындағы дәстүрлі «Жарқын болашақ» VII республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық  кезеңі өткізілді. «КАТЕV» Халықаралық коғамдық қорының бастамасымен облыстық білім басқармасы және Жезқазған қаласы «№3 қазақ-түрік лицей-интернатының» ұйымдастыруымен жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында өткізілетін  олимпиада 5 бағытты қамтыған.

            «Жас ғалымдар», «Тілші-әдебиетшілер», «Жазушылар», «Сөз шеберлері», «Әнші-бұлбұлдар» бағыттары бойынша өз аймақтарында «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» оза шапқан 66 жеңімпаз бақтарын сынады.   Байқаудың «Сөз шеберлері», «Әнші-бұлбұлдар» бағыты Жезқазған қаласындағы айтулы өнер ордасы С. Қожамқұлов атындағы драма театрда өткізілді. «Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған Ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар екендігін» сайысқа қатысушылар өз өнерлерімен барынша көрсетті. «Жарқын болашақ» олимпиадасында қатысушылардың өнерін Жезқазған өңіріне танымал тұлғалар: Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, «Ерен еңбегі үшін» медалының иегері, театрлар одағының «Еңлікгүл» сыйлығының лауреаты, театр әртісі  Шоманұлы Әбілқасым,  Жезқазған музыкалық колледжінің домбырамен ән айту бөлімінің оқытушысы Әлхожин Ербол Мырзакаримұлы, Жезқазған өнер мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, вокал оқытушысы Сыздықова Ботагөз Абдрахманқызы, «Тілтану» орталығының мұғалімі Ошағанова Ақгүл және «КАТЕV» Халықаралық коғамдық қорының тәрбие ісі жөніндегі бас маманы, республикалық «Жарқын болашақ» олимпиадасын ұйымдастыру комитетінің мүшесі Омаров Бағлан Нұрланұлы  бағалады.

                   Олимпиаданың «Жазушылар» бағыты бойынша ұлттық құндылықтарды насихаттайтын отан, туған жер, тарих, салт-дәстүр тақырыптарында оқушылар эссе жазып, І орынды қазақ топтары бойынша Ұлытау ауданының №4 Қаракеңгір орта мектебінің 10-сынып оқушысы Ж. Жаңбыршы иеленсе, орыс топтары бойынша І орынды Жезқазған қазақ-түрік лицейінің 10-сынып оқушысы Е. Колесников қанжығасына байлады. «Жас ғалымдар» бағытында қазақ тобы бойынша І орынды «Мәңгілік ел» идеясында тілімізді тірек етейік» тақырыбындағы жобасымен Жезқазған №8 гимназиясының 11-сынып оқушысы Тілеулинов Заңғар алса,  орыс топтары бойынша Жезқазған №24 орта мектебінің 7-сынып оқушысы Шевчук Аннаның «Қазақ халқының тыйым сөздерінің мәні» тақырыбындағы жұмысы  әділ қазы алқасының жоғары ұпайына ие болды. «Тілші-әдебиетшілер» бағыты бойынша оқушылар 50 сұрақтан тұратын қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерінен тесттер шешіп, қазақ топтары бойынша І орынды  Сәтбаев қаласының №4 орта мектебінің 11-сынып оқушысы Искандирова Айгерим алса, орыс топтары бойынша Сәтбаев қаласы С. Сейфуллин гимназиясының 11-сынып оқушысы Трапаков Рүстем иеленді. Оқушыларымыздың қазақ тілінде мәнерлеп оқып, өзіндік қабілетін көрсететін жарысы «Сөз шеберлері» бағыты бойынша  І орынды М. Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан үзінді оқып, көпшіліктің көзіне жас үйірткен Сәтбаев қаласы С. Сейфуллин гимназиясының 11-сынып оқушысы Абдразаков Тоғжан иеленді, орыс топтары бойынша М. Шахановтың «Төрт ана» өлеңін нақышына келіп орындаған Жезқазған қаласы №22 орта мектебінің 8-сынып оқушысы Ибрагим Шахисмаил иеленді. «Әнші бұлбұлдар» бағыты бойынша әуелете «Туған жер» әнін салып, жұртшылықты зор даусымен тамсандыра білген Жезқазған қаласы №21 орта мектебінің 7-сынып оқушысы Әбдіғазизов Диас бас жүлдені қанжығасына байлады. Орыс топтары бойынша Сәтбаев қаласы С. Сейфуллин гимназиясының 7-сынып оқушысы Гатятова Анита өзінің туып өскен мекені – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілігін «Қазақстан»әнімен жеткізіп, І орынды иеленді. Жүлделі І орынды иеленген оқушыларымыз сәуір айында Астана қаласында өтетін «Жарқын болашақ» олимпиадасының республикалық кезеңіне жолдама алып, аймағымыздың намысын қорғайтын болды.

            Байқау өте тартысты өтті. Байқау соңында лицей директоры Н.Ғ. Утебаев қазылық еткен төрешілер мен бәйгеге оқушыларын баптап әкелген, шығармашылықпен еңбек етіп жүрген ұстаздарымызға Алғыс хаттар тапсырды.  Дәстүрге айналған «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпидасы  бірліктің, достықтың, елдіктің жүрегі қазақ тілінде екенін тағы бір дәлелдеді.

        • Ана, сен бақыттысың
          • Ана, сен бақыттысың

          • Жүректен жарып шыққан бір ізгі тілектер бұл күні тек өмірдегі ең қымбатты да ардақты жан аналарымызға арналды...

            Көктемнің шуақты күнімен келіп жеткен сұлулық пен көркемдіктің мерекесі - 8 наурыз Халықаралық әйелдер мейрамына орай лицейіміздің аяулы аналары мен ұстаздарына  «Ана,  сен бақыттысың...» атты тамаша мерекелік кеш өтті. Кеште лицей  ер- азаматтары мен оқушылары барынша атсалысты. Бір қолымен әлемді, екінші қолымен бесікті тербеген аяулы аналарымыз бен ақ жаулықты әжелерімізге, ардақты ұстаздарымызға, әпке- қарындастарымызға арналған фуршет ұйымдастырылып, жалғасы мерекелік концертке ұласты.

             Лицей директоры Утебаев Нұрғазы Ғазизұлы аяулы аналарымызға деген жылы лебізін білдіре отырып, кештің шымылдығын ашты. Кеш жүргізушілері Руслан мен Арман  бағдарламаның қызықты өтуіне өз үлестерін қосты. 7-8 сынып оқушылары аналарына деген сүйіспеншіліктерін қазақ, түрік тілдерінде  шырқаған әндерімен жеткізсе, жоғары сынып оқушылары жастар биін билеп, әзіл- қалжыңдарымен жиналған қауымның көңілдерін бір көтеріп тастады. Аналарға арналып түсірілген бейнебаян көпшіліктің көзіне  жас та келтірді.

             Сонымен қатар, 10 сынып оқушысы Айтжан Сұлтан құмнан сурет салып, өзінің машықтанып жүрген өнерін жұртшылыққа паш етті. Кеш барысында өте қызықты ойындар да ұйымдастырылып, аналарымыздың белсене қатысқанында айтпасқа болмас.

            Кеш соңында лицей ұстаздары мен тәрбиешілерінен және оқушыларынан құралған квартет «Ана, сен бақыттысың...» әнін шарықтата шырқады. Осы әуеннің ырғағымен лицей оқушылары аналары мен ұстаздарына гүл шоқтарын табыс етті.

             Кеш өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Мұны кешке жиналған аналарымыздың жайдарлы жүздерінен, айтқан ризашылықтарынан байқауға болады. Өмірдің иесі- ғазиз Аналарымызға қандай құрмет көрсетілсе де артық болмасы артық.

    • Контакты

      • "Ұлытау облысы білім басқармасының №3 "Білім-инновация" лицей-интернаты" КММ
      • 8(7102) 410099
      • Жезказган қ., Абай көшесі, 77 100600 Жезқазған Kazakhstan
      • facebook.com/zhezkazgan.bil
      • instagram.com/bil.zhezkazgan
    • Логин